7 Желтоқсан 14:53
...

Ақтөбеде кәсіпкер әйел алаяқтың құрбанына айналды

ақша
Фото: elitar.kz

Ақтөбелік келіншек әйелді 113 миллион теңгеге алдап, ақшасына пәтер, шетелдік көлік және ондаған жұп фирмалық аяқ киім сатып алған. Бұл туралы  "Время" басылымы хабарлады.

Алматы, NEGE. Ақтөбе Ақтөбетұрғыны Эльвира Қисеменова жұмыссыз болған. Ол қомақты қаржы табу үшін өз құрбандарын тергеу изоляторынан және желілерде көмек сұраған жазбаларға жазылған пікірлерден іздеген. Осылайша әйел жәбірленуші Толғанай Баймұқашеваны тергеу изоляторының жанында кездестірген. Баймұқашева тергеуде жатқан күйеуіне алаңдайтынын жеткізген.

Сол сәтте Эльвира өзінің жоқ күйеуінің әкімдік қызметкері екенін айтып, оны әлдебіреулер белгісіз себеппен ұстатып бергенін жеткізген.

"Жолдасыңа тағылып отырған айып ауыр екен. Керек адамды тауып, ақша беру керек", – деген Қисеменова жаңа танысқан жәбірленушіге.

Ол бірден оған көмектесе алатынын, таныстары көп екенін айтқан. Әйел Баймұқашеваны шайға шақырып, оны мүмкіндігінше көбірек тыңдап, сеніміне кіріп алған. Оған сенген кәсіпкер Баймұқашева Қисеменоваға 113 миллион теңгеге жуық ақша берген. Ол жыл бойы үш күн сайын әйелге ақша аударып отырған.

Күйеуіне қатысты 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарылғаннан кейін ғана өзінің алданғанын түсінген. Ал осы уақыт аралығында Қисеменова әйелдің ақшасына пәтер, шетелдік көлік, ондаған жұп аяқ киім, құрал-жабдықтар сатып алып, бутик ашып үлгерген.

Сотта Қисеменова ешкімге қарыз емес екенін айтты. Сөзінше, егер оған ақша берілсе ғана, ол қарыз болып есептеледі.

Сот куәгерлерді тыңдап, банк аударымдары мен сотталушының сөзін жоққа шығаратын басқа да айғақтарды зерттеді. Нәтижесінде Қисеменова алаяқ деп танылып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ Баймұқашеваға 112,8 миллион теңгені қайтаруға міндеттелді. Сотталушының пәтері, көлігі, жаңа телефондары мен 27 жұп аяқ киімі де тәркіленді.