USD
USD
USD

Ақтөбеде итті теуіп, аяусыз пышақтаған бала бұған дейін де мектепішілік есепте тұрған

Ақтөбеде итті жіпке байлап, теуіп, аяусыз пышақтап өлтірген баланың ісін комиссия қарады. Алдағы уақытта баламен психологтар жұмыс істейді.

Ит
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Итті пышақтап, аяусыз тепкен бала ісі қазір тергеуде.

Ал облыстық білім басқармасы баланы тәрбиелеу үшін бірнеше амалын қарастырып жатыр.

— Ол осыған дейін тәртібі, мінез-құлқына байланысты мектепішілік есепте тұрған бала. Тергеу амалдары аяқталған соң, Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысына шығарылады. Психологтар сауықтыру жұмысының жоспарын дайындап қойды. Жоспар аясында балаға психологиялық қолдау көрсету, агрессивті мінез-құлқын түзету және әлеуметтік бейімделуіне көмектесу шаралары қарастырылған. Сонымен қатар, ата-анасымен бірлескен кеңестер өткізіп, отбасы жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Мектеп әкімшілігі де оқушының білім алуына және тәртібін қадағалауға ерекше назар аударатын болады. Екінші бала да назарда болады. Немқұрайлы болмас үшін тәрбиелік, психологиялық жұмыстар жүргізіледі, — деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар