USD
USD
USD

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты бастығы, генерал-майор Т. Еспағамбетов пен институттың азық-түлік қызметінің бастығы, подполковник Р. Исаходжаев ұсталды деген ақпарат тарады. Олар пара алу және пара беру деректеріне қатысы бар деген күдікке ілінген болуы мүмкін.

Тимур Еспағамбетов
Фото: Әуе қорғанысы күшінің әскери институты

Астана, NEGE. «Ақ Жайық» басылымының желідегі ақпаратқа сілтеме жасап хабарлауынша, офицерлер 12 қараша күні таңертең ұсталған. Арнайы операцияны Қаржылық мониторинг агенттігінің тапсырмасымен Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жүргізген болуы мүмкін.

NEGE редакциясы мән-жайды білу үшін Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сауал жолдады.

«Бұл мәселе уәкілетті құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады. Сондықтан біз бұл сұраққа жауап бере алмаймыз», – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Редакция Қаржылық мониторинг агенттігіне де сауал жолдады. Әзірге ресми жауап келген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Президент 24 қарашаға дейін ұлттық компаниялардағы жемқорлықпен күрес жөнінде ұсыныс беруді тапсырды

Қауіпсіздік кеңесінің отырысы

Тоқаев Жақыпов пен Отыншиевтің ұсталуы туралы не деді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Басшысы ұсталған ҚТЖ өкілдері мәлімдеме жасады

ҚТЖ

Ақтауда көліктің газ баллоны жарылып, ондаған метрге ұшып кеткен

Ақтау газ балон