USD
USD
USD

Ақтөбеде есірткіге мас күйде өзгенің көлігін айдап кеткен күдікті ұсталды

Ақтөбеде есірткіге мас күйде өзгенің көлігін айдап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE.  3 ақпанда Ақтөбе қаласында Ақжар-2 тұрғын алабы ауданында жеке үйдің ауласынан Hyundai Elantra автокөлігі ұрланды. Иесі кілтті көліктің ішінде қалдырып кеткен.

Оқиғадан кейін көп ұзамай патрульдік полиция қызметкерлері көршілес аудандардың бірінен ұрланған көлікті байқап, оның ізіне түседі. Жасырынуға тырысқан көлік жүргізушісі автокөлік рөлін басқара алмай, жол жиегіндегі терекке соқтығысты. Полицейлер күдіктіні ұстады, жүргізілген сараптама оның есірткіге масаң күйде екенін көрсетті.

Қазіргі уақытта автокөлікті ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек