USD
USD
USD

Ақтөбеде экскаватор машинисі бірнеше шағынауданды сусыз қалдырған

Ақтөбеде экскаватор машинисі қауіпсіздік талаптарын сақтамай, Авиақалашық ауданындағы су мұнарасы жұмысын қамтамасыз етіп тұрған электрмен жабдықтау кабелін зақымдаған.

Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот

Астана, NEGE. Апат салдарынан Ақтөбе қаласының бірнеше шағынауданында жарты тәуліктей ауызсу болмаған. Коммуналдық қызметтер жедел түрде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін су беру толық қалпына келтірілген.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, күдікті анықталған.

«Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жер қазу жұмыстарын жүргізу үшін экскаватор жалдаған 45 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.

Қазіргі уақытта келтірілген материалдық шығын көлемі анықталуда.

Бұл факт бойынша бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасаөз қызметі.

Құқық қорғау органдары азаматтарды жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде белгіленген талаптар мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ мұндай жұмыстарды уәкілетті органдармен міндетті түрде келісуге шақырады.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы