Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ақтөбеде дүкенде болған жарылыстан зардап шеккендер бар

Жарылыс пен өрт дүкеннің шатырына зақым келтірді.

Ақтөбе қаоасы
Фото: видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Ақтөбе қаласында дүкеннің ішінде оттегі баллоны жарылып, өрт шықты. Оқиға А.Макаренко көшесіндегі сауда нысандарының бірінде 31 мамырда күндіз болған, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. 

«Өрт туралы хабарлама бойынша оқиға орнына жоғарғы дәрежелі шақырту бойынша өрт сөндірушілер жеткен. Өрт дүкеннің шатырындағы ағаш құрылымдарды шарпыған. Оттегі баллонының жарылысы өрт сөндірушілер келгенге дейін болған», – деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар өрт шыққан ошақты шатырды ашу арқылы анықтап, жалпы 100 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген.

«Өрт салдарынан күйік шалған екі адам ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері мен қауіпсіздік ережелерінің сақталу деңгейітексеріліп жатыр. Мамандардың айтуынша, мұндай нысандарда өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау аса маңызды.

Мамандар газ баллондарын сақтау мен пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтауға, электр жүйелерін уақытылы тексеруге, төтенше жағдай қызметтерінің кеңесін тыңдауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда кәсіпкер салынып қойған нысан құрлысына 117 млн теңге субсидия алған

Ақша

Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі берілген өтемақыны қайда жұмсағанын айтты

Әділет Зейнел

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Енді фонограммамен ән айтқан әншілерге 400 мың теңгеден жоғары айыппұл салынады

Микрофон