USD
USD
USD

Ақтөбеде бір айдың ішінде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Ақтөбеде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері арнайы бағдарлама көмегімен 3 миллион теңге қарызы бар, шетел мемлекетінде есепте тұрған Lexus көлігін анықтады. «Қорғау» жүйесі арқылы анықталған азамат жол қозғалысы ережелерін тамыздың ортасынан бастап 119 рет бұзған.

Жол ережесін бұзушы Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Ол жылдамдық режимін асырған. Айыппұлдың жалпы сомасы 3 миллион 378 мың теңге болады.

«Қазір көлік арнайы автотұраққа қойылды. Жолдардағы жауапсыздық көбіне қайғылы оқиғаларға әкеп соғады. Жүргізушілер бұл туралы ойлануы керек. Көлік жүргізушілері жазадан құтыламыз деп үміттенеді, бірақ олай емес. Полиция қызметкерлері мұндай жүргізушілерді тауып, жауапкершілікке тартады», - деп жазылған хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Әбілқасымова бизнесті несиелендіруге зейнетақы қаражатын көбірек тартуды ұсынды

Мәдина Әбілқасымова

29 алаяқтық дерегіне қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы алматылық қыз ұсталды

Кісен

Вице-министр ұшақта шетел азаматына көмек көрсетті

Медициналық көмек

Ақтөбедегі кафеде газ жарылып, екі адам зардап шекті

Ақтөбедегі кафе жарылысы