USD
USD
USD

Ақтөбеде әйелді кепілге алған ер адам екі айға қамалды

Ақтөбеде әйелді кепілге алған күдікті қамалды. Тергеу соты екі айға қамау туралы санкция шығарды.

Ақтөбе
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Жәбірленуші әйел ем қабылдап жатыр.

«Науқас облыстық көпсалалы ауруханада ем алуын жалғастырып жатыр. Жағдайы тұрақты, сауығып келеді. Науқаспен психологтар жұмыс істеп жатыр», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде ер адам 3 адамды кепілде ұстаған.

Жедел тергеу тобы мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жеткен. Жедел қызметтер келген бойда бір әйелдің кепілге алынғаны белгілі болды. Олар күдіктімен таныс болған. Бұл ретте күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алынған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң шабуыл жасау туралы шешім қабылданды. Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды.

Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе пышақ жарақаттарымен егде жастағы ата-анасы табылды. Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі тасымалдау кезінде, ал екіншісі ауруханада көз жұмды. Үшінші жәбірленушіге дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank