USD
USD
USD

Ақтөбеде автогаз құю станциясында жарылыс болды

Желіде Ақтөбе қаласындағы автогаз құю станциясындағы жарылыстың видеосы тарады.

Жарылыс
Фото: Видеодан кадр

Астана, NEGE.ТЖМ мәліметінше, 3 наурызға қараған түні Алматы ауданындағы Ақжар көшесінде орналасқан автогаз құю станциясында өрт шығып, жерүсті резервуарларының бірінде газ-ауа қоспасының жануы салдарынан жарылыс болған. Жалын екінші цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа тараған. Абырой болғанда, ешбір адам зардап шекпеген.

«ТЖД күштері оқиға орнына қысқа мерзімде жетті. Өрт сөндірушілер жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеп, қайталама жарылыстардың алдын алып, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді. Құтқарушылардың кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ведомство хабарламасында.

Өрт сөндіру жұмыстарына ТЖД, ЖҚЖ және Апаттар медицинасы орталығының шамамен 60 қызметкері және 16 техникасы жұмылдырылды. 

Еске салайық, 27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан бір қабатты дәмханада газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шыққан. Оқиға салдарынан 28 адам зардап шекті, оның ішінде 5 адам оқиға орнында, тағы екі адам ауруханада көз жұмды. 

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер