USD
USD
USD

Ақтөбеде ауыл тұрғынынан 56 келі марихуана тәркіленді

Ақтөбеде ауыл тұрғынынан 56 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Мәртөк ауданының полицейлері ҰҚК аудандық бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, "Қарасора" және "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шаралары аясында аудан ауылдарының бірінде тұратын азаматтың есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін екенін анықтады.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында үй ауласындағы жер учаскесінен 148 түп өсімдік табылып, тәркіленді. Сонымен қатар үй ішінен ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған шелек те тәркіленді.

Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар есірткі заты — марихуана болып табылады, жалпы салмағы 56 келі.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы (Сату мақсатын көздемей, есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу, иемдену, сақтау) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қазіргі таңда тиісті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер