USD
USD
USD

Ақтөбеде қызғалдақ ұстап фотоға түскен ауыл әкімі тексеріліп жатыр

Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі Ләззат Бердібаеваның гүл ұстап түскен фотосы әлеуметтік желі арқылы тарап кетті.

Ақтөбе әкімі
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Қазіргі кезде полиция фотодағы гүлдің Қызыл кітапқа енген-енбегенін тексеріп жатыр.

«Тексеріп, қызғалдақтың Қызыл кітапқа енген түрі ме деген сұраққа жауап іздейміз. Кейін құқықтық бағасы беріледі», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ал Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетов қазір арнайы комиссия құрылғанын айтты.

«Ауданда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілі бар. Сол комиссияда іс қаралады. Оның құрамында аудандық полиция бөлімінің өкілі де бар. Кейін ғана шешімін айтып, жауапқа тарта аламыз. Ол гүлді қыздары жұлып әкелгенін, фотоға түсіп, WhatsApp мессенджеріндегі статусына қойғанын айтып отыр», – деді Дархан Ермағамбетов.

Қазір оқып жатыр

АҚШ-та қазақстандық жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

.

«Әділет» партиясы Құрылтайда барынша көп орын алуды көздейді

.

AMANAT партиясы «Әділет» партиясының құрамына қосылды

.

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция