USD
USD
USD

Ақтөбеде агрохимикаттар өндіретін жаңа «Ecosystem» зауыты салынды

2025 жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласының Индустриялық аймағында тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіретін «Ecosystem» зауытының құрылысы аяқталды.

Ақтөбе, суару
Фото: gov.kz

Ақтөбе, NEGE. Бұл жобаны «MKR PLUS» ЖШС жүзеге асырды. Жоғары технологиялылығымен ерекшеленетін инвестициялық жоба өңірдің агроөнеркәсіптік секторы үшін маңызды болып табылады.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 564,6 млн теңге. Құрылыс кезеңінде 50 жұмыс орны құрылып, штатқа тұрақты 30 қызметкер қабылданды.
Зауыттың жылдық өндірістік қуаты – 500 текше метр гербицид, 1 500 текше метр сұйық тыңайтқыш және 50 текше метр қосалқы өнімдер.

Ақтөбе қаласының Индустриялық аймағында жүзеге асқан бұл жобаның ерекшелігі – кешенді құрылымында: бір аумақта дайын өнім қоймасы мен заманауи өндірістік цех орналасқан. Барлық нысандар техникалық төлқұжаттарын алып, ресми түрде пайдалануға берілді.

Қазіргі уақытта зауытқа кіреберіс жолдың құрылысы жалғасуда. Жақын арада соңғы кезең – аумақты абаттандыру, асфальттау және көгалдандыру жұмыстары басталады.
Мұндай кәсіпорынның ашылуы импорттық өнімдерге тәуелділікті азайтып, фермерлерді сапалы отандық агрохимикаттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоба өңірдің индустриялық даму стратегиясының бір бөлігіне айналды.

Қазір оқып жатыр

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстаннан шығарылды: оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Наваи Бакиров

«Әлсіз кезімізде жасаған келісімдерді сақтауымыз керек»: экономист мұнай жобалары туралы

Decaf

Алматыда үш жоғары оқу орнын бомба қойылғаны туралы хабарлама дүрліктірді

Халықаралық бизнес университеті

Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының милфа туралы бейнебаяны желіде дауға қалды

Дильназ Ахмадиева