USD
USD
USD

Ақтөбеде адамдарды алдаған емші тергеу аяқталғанша қамауда отырады

Ақтөбе қаласында емшіге қатысты Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Сот 2 ай қамауда ұстау туралы санкция берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Емші, көріпкел
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Ақтөбеде «Алаяқтық» бабының аса ірі көлемде шығын келтіру бөлігімен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу соты күдіктіні 2 айға қамауға санкция берді.

«Ақтөбе облысының полиция департаменті аса ірі көлемде алаяқтық жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Іс бойынша бүгінгі күні отызға жуық жәбірленуші бар. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Ақтөбе қаласында дәстүрлі емес медицинамен айналысқан әйел емделуге келушілерін алдап, оларға несие рәсімдеткен», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, адамдар 1 млн теңгеден 18 млн теңгеге дейін несие рәсімдеп, оны емшіге берген. Әзірге шығын 100 млн теңге деп есептелді.

Қазір оқып жатыр

Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Евгений Кочетов, Қанат Құлшыманов

Дзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды

Бексұлтан Құлмырза

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстаннан шығарылды: оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Наваи Бакиров