Ақтөбеде 3 млн теңгенің трансформаторларын ұрлаған күдікті ұсталды
Ақтөбеде трансформаторларды ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері үш трансформаторды ұрлады деген күдіктіні ұстады. Тергеу барысында күдікті наурыз айының соңында манипулятор жалдап, үш электр трансформаторын ұрлағаны анықталды.
Бір жағдайда ер адам Алға қаласының маңында ұрлық жасаған. Қалған екі жағдайда ол трансформаторларды облыс орталығында салынып жатқан кемпинг пен электр қосалқы станциясының құрылыс алаңынан ұрлаған. Қылмыстан келтірілген жалпы шығын шамамен 3 миллион теңгені құрады. Ұрланған трансформаторларды күдікті сатпақ болған.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция кәсіпкерлерді құрылыс алаңдары мен кәсіпкерлік объектілерінің аумақтарын бейнебақылау камераларымен жарақтандыруға және ұрлықтың алдын алу мақсатында тәулік бойы күзетпен қамтамасыз етуге шақырады.
Қазір оқып жатыр
Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

