USD
USD
USD

Ақтөбе су қоймасында құстар қырылып қалды

Экологтар су сынамасын алды.

Ақтөбе су қоймасында құстар қырылып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбеліктер су қоймасы маңында құстардың қырылғанын көріп, әлеуметтік желіге жариялады. Кейін мамандар тексеру жұмысына кірісті. «Су қоймасында құстардың қырылғаны туралы ақпарат бар. Біз судан сынама алдық. Қорытындысы үш күннен соң белгілі болады», - деді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ерболат Қожықов. Ал орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өз болжамын айтты. «Шағалалар күндіз Ақтөбе қоқыс полигонында жүреді, сол жақта қоректенеді. Ал кешке Ақтөбе су қоймасына келеді. Қазір себебін дәл айта алмаймыз», - деді орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жетекші маманы Артур Қаңтарбаева.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай