USD
USD
USD

Ақтөбе полицейлері ер адамнан 1 келіден астам "синтетика" тәркіледі

Ақтөбеде синтетикалық есірткімен ұсталған азамат УҰИ-ға қамауға алынды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Ақтөбе полицейлері ер адамнан 1 келіден астам "синтетика" тәркіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора – 2023” ЖПІШ аясында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ақтөбе қаласы Т.Рысқұлов көшесі бойында 27 жастағы ер адамды ұстаған.

Оны жеке тінту және тұрғылықты жері бойынша тінту барысында ішіне кристалл тәрізді заттары бар зип-пакеттер салынған 3 полиэтилен пакет пен электрондық таразы табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар салмағы шамамен 1,2 келі синтетикалық есірткі заты болып шықты. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі және 297-бөлігі 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталды және Ақтөбе қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Заңнамада есірткі құралдарын сатқаны үшін мүлкі тәркілене отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты