USD
USD
USD

Ақтөбе облысының үш ауданында сайланған әкімдердің аты-жөні белгілі болды

Ақтөбе облысының үш ауданында сайланған әкімдердің аты-жөні белгілі болды. Ақтөбенің Ырғыз ауданына Нұрлан Қызбергенов, Қобда ауданына Ізгілік Тынымгереев, Ойыл ауданына Асқар Қазыбаев сайланды, деп хабарлайды Kazinform. 

Ақтөбе облысының үш ауданында сайланған әкімдердің аты-жөні белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кеше Ақтөбенің Қобда, Ойыл, Ырғыз аудандарында сайлау өтті. Сайлаушылар тізімінде барлығы 28 мыңнан астам адам бар. Олардың 20 мыңнан астамы өз таңдауын жасаған. Үш аудан бойынша 429 адам үйден дауыс беруге өтініш білдіріп, жылжымалы урналар жеткізілді. Нәтижесі қазір белгілі.

«Қобда ауданы бойынша Ізгілік Тынымгереев сайланды. Ол 1978 жылы туған. Бүгінге дейін Қобда ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ойыл ауданына әкім болып Асқар Қазыбаев сайланды. 1962 жылы туған. Бүгінге дейін Ойыл ауданының әкімі қызметін атқарды. Ал Ырғыз ауданы бойынша Нұрлан Қызбергенов сайланды. Ол 1968 жылы туған. Бұған дейін Ырғыз ауданының әкімі болды», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

Айта кетейік, әр ауданнан үш кандидаттан тіркелді. Дауыс берушілердің 240-ы бюллетеньдегі «бәріне қарсымын» тұсын белгілеген.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар