USD
USD
USD

Ақтөбе облысының тұрғынынан жарылғыш заттар тәркіленді

Ақтөбе облысының полицейлері тұрғыннан жарылғыш заттарды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының тұрғынынан жарылғыш заттар тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлеріне Шалқар қаласының тұрғыны өз үйінде жарылғыш заттарды сақтайтыны туралы жедел ақпарат келіп түсті. 24 тамызда “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 51 жастағы жергілікті тұрғынның тұрғылықты жерін тінту кезінде үйдің ауласындағы сарайдан жарылғыш тау-кен жұмыстары кезінде пайдаланылатын құбырлы оқ-дәрінің 3 данасы табылып, тәркіленді.

Ер адам оны 10 жыл бұрын тау-кен жарғыштарынан сатып алғанын түсіндірді. Сараптама тағайындалды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс