USD
USD
USD

Ақтөбе облысының тұрғыны сыныптасын алдап, атына несие рәсімдеген

Ақтөбе облысының тұрғыны сыныптасын алдап, атына несие рәсімдеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының тұрғыны сыныптасын алдап, атына несие рәсімдеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алға ауданындағы ауылдардың бірінде тұратын 32 жастағы әйел өзінің бұрынғы сыныптасына көпбалалы отбасы ретінде жеңілдікпен мемлекеттік бағдарлама арқылы қаладан пәтер алуға көмектесе алатынын айтқан. Қалада пәтерсіз жүрген сыныптасы оған сеніп, барлық құжаттары мен жеке деректерін берген. Нәтижесінде сыныптасының жеке деректерін иеленген ауыл тұрғыны оны атына банктен, бірнеше шағын қаржы ұйымдарынан ақшалай несие және дүкендерден ірі көлемде тауарлық несиелер рәсімдеген.

Жәбірленуші бір миллион теңге көлемінде қарыз болғанын өзіне несие төлеу мерзімі өткені туралы хабарламалар келе бастағанда ғана біліп, полицияға арызданды. Алаяқтық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Ақшаны ол жеке қажеттіліктеріне жұмсап жібергені анықталды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Рақышев пен Ибрагимов қаржы құйған рамен бизнесінің қазіргі жағдайы қандай?

Кеңес Рақышев, Шухрат Ибрагимов

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша