USD
USD
USD

Ақтөбе облысының мұнай кен орындарында Қытай азаматтары заңсыз жұмыс істеген

Ақтөбе облысының мұнай кен орындарында Қытай азаматтары заңсыз жұмыс жасаған,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының мұнай кен орындарында Қытай азаматтары заңсыз жұмыс істеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы Темір ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізу барысында аудан аумағында, мұнай компанияларында тиісті рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 4 шетел азаматын анықтады. Қытай азаматтары мұнай кен орындарында құрылыс жұмыстарын жүзеге асырған.

Бұл факті бойынша аталған шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік хаттамалар толтырылып, аудандық соттың қаулысымен оларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша әкімшілік хаттама толтырылады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс