USD
USD
USD

Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы жағдай бақылауда

13 наурызда Қобда ауданында қардың қарқынды еруі және далалықта еріген қар суы салдарынан Қобда ауылында 15 үй, 28 аула аумағы, денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты, 1 кафе су астында қалды. Тұрғындар қауіпсіз жерге - эвакуациялық пунктке көшірілді. 

Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы жағдай бақылауда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта үйлердің аулаларын аралау жүргізілуде, қапшықтарды төсеу бойынша шаралар қабылдануда. 6 мың м3 астам еріген қар суы сорылды.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға 35 бірлік техника, 123 адам жұмылдырылды.

Қобда ауданы Егіндібұлақ ауылына да еріген қар суы кірді. Тұрғын үйлер мен жеке қосалқы шаруашылықтарға қауіп жоқ.

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Ақтөбе қаласы мен аудандардан 1 514 өтінім қабылданып, барлығы пысықталды.

Бүгінгі таңда облыс бойынша барлығы 181 мың м3 астам еріген қар суы сорылды.  26,1 шақырым арық тазартылды, 4 972 м3 инертті материал әкелінді, 3 320 дана қап төселді, елдімекендерден 524,9 мың м3 астам қар шығарылды.

Қосымша 138 ассенизатор тартылды.

Жергілікті жерлерде 142 бірлік техника, 20 мобильді бригада жұмыс істейді, 650 адам жұмыстарға жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы бойынша су басқан көшелер жоқ. Бақылауға алынған 4 учаскеде еріген қар суының түсуіне қарай мерзімді жұмыстар жүзеге асырылады.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі