USD
USD
USD

Ақтөбе облысының әкімдігі қымбат электромобильдерді сатып алмақ болған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша департаменті әкімдіктің екі электромобильді жоғары бағаға сатып алмақ болғанын  анықтады.

Ақтөбе облысының әкімдігі қымбат электромобильдерді сатып алмақ болған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Талдау нәтижелеріне сәйкес, «Ақтөбе облысының әкімдігі» КММ электромобиль бірлігін 38,9 миллион теңгеге сатып алуды жоспарлаған, ал осыған ұқсас электромобильдердің орташа нарықтық бағасы шамамен 29 миллион теңге. Ақтөбе облысы бойынша әкімдікке ұсыныстар жасалып, соның негізінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт нарықтық бағаға сәйкестендірілді. 18 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді», - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Басқармамен Әйтеке би және Байғанин аудандарының мәслихат аппараттарымен жоспарланған біліктілікті арттыру семинарларын ұйымдастыру бойынша қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне талдау жүргізілді. Талдау барысында бюджеттік жоспарлаудың тиімсіздігі анықталып, көрсетілген мәслихаттарға мемлекеттік сатып алулар барысында пайдаланылған бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған мекемелер бұл қызметтерді сатып алудан бас тартты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан