USD
USD
USD

Ақтөбе облысындағы Dombyra party шарасына 6 000 жас домбырашылар қатысты

Бүгін Ақтөбе өңірінің барлық аудандарында және облыс орталығында Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған "Ел бірлігі: қасиетті домбыра" атты Dombyra party шарасы өтті.

Ақтөбе облысындағы Dombyra party шарасына 6 000 жас домбырашылар қатысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оған Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, қоғам өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Өңір басшысы Қазақстан халқының бірлігі күні достықты, патриотизм мен бейбітшілікті насихаттайтын мереке екенін атап өтті.

Ақтөбеде Dombyra party акциясы Өнер орталығынан бөлек, Шығармашылық академиясы ғимараты алдында, Есет батыр шағын ауданының Есетбатыр ескерткіші жанындағы алаңы секілді бірнеше жерде бір мезгілде өтті.

Іс-шараға қатысушылар А.Жұбановтың "Би", Құрманғазының "Балбырауын" және Ә. Желдібаевтың "Еркесылқым" күйлерін орындады.

Облыс әкімі қазақ музыкалық аспаптарының үйірмелеріне баратын этнос өкілдерінің оқушыларына домбыра табыстады. Дарынды жастарды қолдау мақсатында тағы бірнеше балаға музыкалық студияда ән жазуға сертификаттар табысталды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе