USD
USD
USD

Ақтөбе облысында жүк көлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік айдаған

Ақтөбе облысында жүк көлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік жүргізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында жүк көлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік айдаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 25 желтоқсанда патрульдік полиция ротасының қызметкерлері сағат 08:00 шамасында Ақтөбе – Орынбор автожолының 75-шақырымында Шахман жүк көлігін тоқтатқан. Жүк көлігін Мәртөк ауданының 45 жастағы тұрғыны басқарған.

Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің бұрын 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды, соған қарамастан ер адам қайтадан есірткіге масаң күйінде көлік жүргізген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жүк көлігінің жүргізушісі 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай