USD
USD
USD

Ақтөбе облысында Жаңа жылға бюджеттен қаражат қарастырылмаған

Nege.kz порталы облыс әкімдерінен Тәуелсіздік күніне, Жаңа Жыл мерекесіне қандай дайындықтар жүріп жатқанын, шырша қашан орнатылатынын, бюджеттен қанша қаражат бөлінетінін сұрап, ресми сауал жолдаған. Жолдаған сауалнамамызға орай Ақтөбе облысының әкімдігінен жауап келді.

Ақтөбе облысында Жаңа жылға бюджеттен қаражат қарастырылмаған
Фото: NEGE.kz

Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе қаласы мен аудан орталықтары және елді мекендерінің алаңдары мен көшелері, ғимараттар, мекемелер мен кәсіпорындар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесінің идеялық мазмұнын ескере отырып, мерекеге орай безендіріледі.

Атаулы мереке қарсаңында Тәуелсіздік құрдастары арасында кездесу өтеді. 

"Жаңа жылдық бас шырша Тәуелсіздік мерекесінен кейін орнатылады. Оған бюджеттен қаражат қарастырылмаған", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Облыстық бас санитардың қаулысына сәйкес Жаңа жылдық салтанатты шаралар өткізілмейді.

Сонымен қатар, Жаңа жылдық отшашу да қарастырылмаған.

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар