USD
USD
USD

Ақтөбе облысында қоянды заңсыз атқан азамат ұсталды

Ақтөбе облысында қоянды заңсыз атқан азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында қоянды заңсыз атқан азамат ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ембі қалалық полиция бөлімшесінің қызметкерлері “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 21 қазанда түнгі мезгілде Ембі – Алтынды трассасында Қостанай облысы тұрғынының басқаруындағы UAZ-3909 автокөлігін тоқтатты.

Автокөлікте 3 жолаушы болды. Көлік салонын қарау барысында атып алынған 4 қоян, 12, 20-калибрлі екі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, 38 патрон, 2 резеңке қайық пен 10 метрлік тор табылып, тәркіленді.

Тәркіленген қарулардың автокөлікте болған Ембі қаласының 43 жастағы тұрғынына тиесілі екендігі анықталды. Оның қос қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаты болғанымен, аңшылыққа тиісті рұқсаты болмағаны белгілі болды. Заңсыз аңшылық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады.

Автокөлік полиция бөлімшесінің аумағына тұраққа қойылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала