USD
USD
USD

Ақтөбе облысында үйін су басқан тұрғынарға баспана салынбақ

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға салынатын 24 үйдің жоспарымен танысты, деп жазды

Ақтөбе облысында үйін су басқан тұрғынарға баспана салынбақ
Фото: NEGE.kz

Sputnik.

Алматы, NEGE. Ол Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келген бастаманың маңыздылығын атап өтті.

"Ауылда болған табиғи апатқа қарамастан, ауызбіршілік, ынтымақ танытып, үлкен істі қолға алғымыз келеді. Бүгін Наурыз мейрамында жаңа үйлер тігілетін жерлерге қазық қағады. Құрылысты өзім қадағалаймын. Құрылысты екі айдың ішінде аяқтаймыз. Әрқашан осылай бір-бірімізге қолдау көрсетсек, еліміз тұрақты дамиды", - деді аймақ басшысы құрылыс алаңында аудан тұрғындарына.

«Жаңа тұрғын үйді биыл маусым айында пайдалануға беру жоспарланып отыр»,- деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аумағы 100 шаршы метр типтік үйлердің құрылысына бес мердігер тартылған. Бұл төрт бөлмелі, іші әрленген үйлер болмақ.

Еске салсақ, Қобда ауылында еріген су 78 үй мен 22 ауланы басып қалған болатын. Ауылда аудан әкімі Болат Құловтың шешімімен жарияланған төтенше жағдай әлі де сақталып отыр.

Бағалау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша 7 үй қалпына келтіруге жатпайды, 4 үйдің қабырғалары қирап, апатты деп танылды, 13 үй әлі су астында.

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі