USD
USD
USD

Ақтөбе облысында тоғызыншы сынып оқушысы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Ақтөбе облысының полицейлері жұмбақ жағдайда қайтыс болған тоғызыншы сынып оқушысының өлімінің мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды КТК.

Ақтөбе облысында тоғызыншы сынып оқушысы жұмбақ жағдайда қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы жағдац Шалқар ауданы Айшуақ ауылында болды..

Полицейлердің айтуынша, қайтыс боларының алдында оқушы 11-сынып оқушыларымен жүрген. Олар ішімдік ішкен, сондықтан полицейлер жігіттер арасында өзара  жанжал болуы мүмкін деп болжап отыр. Бірақ оның өліміне нақты не жағдай себеп болғанын қазір тергеушілер анықтап жатыр.

Баланың жансыз денесін ауылдық дәрігерлік амбулаторияға мектеп оқушылары апарған. Бірақ одан еш қайран болмады.

Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Алайда бұл істе он бірінші сынып оқушыларының бірі күдікті ретінде тергеліп жатыр.

Қайтыс болған оқушының жүрегінде ақау болған, ол есепте тұрған.

"Кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі тергеу аясында өзге мәліметтер жария етілмейді", - деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір оқып жатыр

«Қазселденқорғау» үш облыста сел жүруі мүмкін екенін ескертті

сел

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза