USD
USD
USD

Ақтөбе облысында шетелдік азамат жалған көлік нөмірімен жүрген

15 ақпан Қарабұлақ–Қостанай тас жолын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері РФ-ның 36 жастағы азаматының  басқаруындағы Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатты. 

Ақтөбе облысында шетелдік азамат жалған көлік нөмірімен жүрген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жүргізуші жалған тіркеу нөмірлерін орнатқан. 

Жүргізушіге қатысты КР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігі "Көлік құралына көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнату" және КР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі "Көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Нөмірлік белгілер тәркіленді, автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Сот шешімі бойынша жүргізушіге айыппұл салынды, бір жыл мерзім жүргізуші құқығынан айырылды және бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік