USD
USD
USD

Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қайтыс болды

48 жастағы электр маманы Ақтөбе облысындағы "Юбилейное" кен орнындағы шахтада қайтыс болды, деп хабарлайды КТК. 

Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жұмысшыны жүк таситын техника басып кеткен.

Еңбек инспекторларының сөзінше, электр маманы шахтадағы желдеткіш жанында кабель жөндеп жатқан. Жүк көлігінің келіп қалғанын аңғармаса керек. Ал ауыр техниканың жүргізуші де жолындағы адамды байқамағанын айтқан.

Мән-жайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

"48 жаста, инженер болып істейді екен, электрик. Жөндеу жүргізіп жатқанда осындай жағдай болып отыр. Жүк көлігі басып кеткен. Тергеп-тексеру жан-жақты жүріп жатыр", - деді Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Талғат Есқарин.

Қайғылы оқиға болған шахта АltynEx Company кәсіпорнына қарайды. Қазір Мұғалжар ауданындағы кен орнында тексеру жүріп жатыр.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысындағы өндіріс орындарында 68 оқыс оқиға болып, 13 жұмысшы қаза тапқан.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова