USD
USD
USD

Ақтөбе облысында қатты жел мектептің шатырын ұшырып кетті

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында қатты жел соғып, бірнеше әлеуметтік нысан мен үйдің шатыры ұшып кетті.

Ақтөбе облысында қатты жел мектептің шатырын ұшырып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға 19 шілде күні сағат 21:50-де тіркелді. Облыстық ТЖД кезекші - диспетчерлік пультіне Шалқар қаласындағы дауыл туралы ақпарат түсті.

«Қатты жел кезінде №2 мектеп шатырының бір бөлігі ұшып кетті. Ауданы 100 шаршы метрді құрайды. Сонымен бірге «Азамат» спорт кешенінің де шатыры зақымданды. Онда 50 шаршы метрі ұшып кетті. Сонымен бірге жеке үйдің шатыры бүлінді. Жергілікті атқарушы билік тарапынан 22 адам мен 5 техника жұмылдырылды»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Шалқардағы дауыл кезінде теміржол вокзалы маңындағы ғимарат шатырының ұшып келгені туралы ақпарат түскен. Оның теміржолға еш қатысы болмады.

Қазіргі кезде ұшқан жабындылар жиналды, ешкім зардап шеккен жоқ. Еске салсақ, Ақтөбе облысы Алға ауданындағы газ құю бекетінде цистерна жарылып, көлік пен әкімшілік ғимарат жанып кетті. Алға қаласындағы оқиға орнына 26 адам мен 7 техника жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу