USD
USD
USD

Ақтөбе облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбе облысында кәсіпкерлерден ақша талап еткен қылмыстық топ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері ҰҚКД-дағы әріптестерімен бірлесіп, кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысатын қылмыстық топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Қылмыстық топ құрамында деструктивті белгілері бар алты адам болған. Олар діннің атын жамылып, бірнеше рет түрлі себептермен екі жас жігіттен ақшалай қаражат бопсалаған. Жедел іс-шараларды өткізу барысында аталған адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және тергеу жүргізіліп, ұсталғандардың басқа да ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексерілуде. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
 

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу