Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ақтөбе облысында карантин күшейтілді

Ақтөбе облысында карантин күшейтілді. Өңірдің бас санитария дәрігерінің қаулысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақтөбе облысында карантин күшейтілді
Фото: NEGE.kz

Ақтөбе, NEGE. Қаулыға сәйкес, банктер, ХҚКО, "Қазпочта" АҚ бөлімшелері жұмыс күндері және сенбіде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді, ал жексенбі күндері жабық. 

- Сауна, моншалар жексенбіден басқа жұмыс күндері және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес талаптарды сақтай отырып жұмыс істейді.

- Сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар алдын ала жазылу бойынша ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс күндері және сенбі күндері жұмыс істейді. 

- Жабық спорт нысандары (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары), фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтар да алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істейді, сенбі және жексенбі күндері жабық. 

- Бассейндерге сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. Қалған күндері алдын ала жазылу бойынша ішкі тәртіпке сәйкес істейді.

- Сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері жұмыс күндері және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істейді (балалардың ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынады), жексенбі күндері жабылады. 

- Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрін сататын дүкендер жұмыс күндері және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істейді, жексенбі күндері тыйым салынады.

- Даладағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлар ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс күндері және сенбі күндері жұмыс істей алады, жексенбі жабылуы тиіс.

- Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмыс күндері және сенбі күндері жұмыс істей алады, жексенбіде жабылады.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында көкпар кезінде көз жұмған баланың туыстары шағымын жеткізді

Дінмұхаммет

Оңтүстікте өрт кезінде оқ-дәрі жарылды

Арыс

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов