USD
USD
USD

Ақтөбе облысында ер адам көліктен ауылдасының ақшасын ұрлаған

Ақтөбе облысында жолаушы болған ер адам көліктен ауылдасының ақшасын ұрлаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында ер адам көліктен ауылдасының ақшасын ұрлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 12 қарашада түнгі мезгілде Ақтөбе қаласынан Ойыл ауданына қарай келе жатқан Mazda-323 автокөлігінің салонында ұрлық фактісі болған. Автокөліктің рулінде отырған Ойыл ауданындағы ауылдардың бірінің 30 жастағы тұрғынының сөмкесінен 200 мың теңге көлеміндегі ақшасы ұрланған.

Автокөлікте жәбірленушімен бірге үш жолаушы болған. Ақшасының жоғалғанын үйіне келгеннен кейін анықтаған ауыл тұрғыны полицияға арызданды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдікті тұлғаны анықтады. Көлік салонында артқы орындықта отырған 27 жастағы ауыл тұрғыны жүргізуші орындығының артында ілулі тұрған әйелдер сөмкесінің ішіндегі әмияннан ақшаны жасырын ұрлағанын мойындады.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіден ұрланған ақша тәркіленді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова