USD
USD
USD

Ақтөбе облысында белгісіз дертке байланысты ауыл карантинге жабылды

Ақтөбе облысының Хобдин ауданына қарасты Көк үй ауылы малдан шыққан қауіпті жұқпалы ауруға байланысты карантинге жабылды, деп хабарлайды Хабар-24.

Ақтөбе облысында белгісіз дертке байланысты ауыл карантинге жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жергілікті мал дәрігерлері алғаш рет кездесіп отырған вирустық диареядан сиыр өлді. Тексеру нәтижесінде диагноз қойылды, бірақ аурудың себебі әлі анықталмаған.

Шектеу шаралары енгізілгеннен кейін ауылды эпизоотияға қарсы республикалық отряд мамандары тексереді деп жоспарлануда. Шаруа қожалықтарында бар барлық мал түрлерін дезинфекциялау, егу жұмыстары жүргізілмек. Бұл арада тасымалдауға, малды союға, етін тұтынуға тыйым салынады.

Қазір шенеуніктердің айтуынша, мұнда 1400 бас ірі қара, екі мыңға жуық қой бар.

“Бұл дерт алғаш рет Ақтөбе облысында тіркелді. Біз оның қайдан келгенін әлі білмейміз. Бірақ тұрғындардың сауалнамасына қарағанда, олар сырттан мал болмағанын айтады. Бұл жұқпалы ауру, сондықтан қауіпті. Оны адам және басқа да мал түрлері ауа арқылы, жем арқылы, байланысқа түсу арқылы жұқтыруы мүмкін”,- деді Ақтөбе облысының ветеринария басқармасының басшысының орынбасары Иса Базаров.

Қазір оқып жатыр

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат