USD
USD
USD

Ақтөбе облысында бас маман әкімнің ЭЦҚ кілті арқылы бюджет миллиондарын ұрлаған

Темір ауданында Ақсай ауылдық округі әкімдігінің бас маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Сот оны түрмеге қамаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысында бас маман әкімнің ЭЦҚ кілті арқылы бюджет миллиондарын ұрлаған
Фото: NEGE.kz

Ақтөбе, NEGE. "Оның атқаратын қызметі бойынша әкімнің атынан қол қою құқығы бар, сонымен қатар ауылдық округ әкімінің электрон цифрлық қолтаңбасы да бар болып шықты. Ол 2020 жылғы сәуірден 2022 жылғы желтоқсанға дейін әкімнің ЭЦҚ кілті көмегімен бюджет ақшасын ұрлап, мемлекетке 14 миллион теңгеден астам шығын келтірген", - делінген айыптауда.

Оның 3 миллионы ауыл әкімдігі қызметкерлерінің іссапар ақысы мен жалақысын төлеуге деп алған. Ол серіктестіктермен және жеке кәсіпкерлермен заңсыз келісімшарт жасап, миллиондаған ақшаны жымқырған.  

Темір аудандық соты оны 4 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын орташа режимдегі колонияда өте туралы үкім шығарып, ұрлаған қаражатты мемлекетке қайтаруға міндеттеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков

Ақтауда соқырішекпен түскен баланы дер кезінде қарамады деп айыпталған хирург өз уәжін жеткізді

Қанат Исмаил

Павлодарлық кәсіпкер Икрам Нұрмашовтың қазасы: полиция не дейді?

Икрам Нұрмашов