USD
USD
USD

Ақтөбе облысында ауыл тұрғынынан ақбөкен мүйізі тәркіленді

Ембі полиция бөлімінің қызметкерлері "Охотзоопром" ММ қызметкерлерімен бірлесіп, Мұғалжар ауданының 34 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлады Полиция. 

Ақтөбе облысында ауыл тұрғынынан ақбөкен мүйізі тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тексеру кезінде ауыл тұрғынынан полиция қызметкерлері рюкзактағы 76 ақбөкен мүйізін тауып, тәркіледі.

ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-1-бөлігі "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тәркіленген мүйіздер бойынша сараптама тағайындалды. Баптың санкциясы үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қазір оқып жатыр

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік