USD
USD
USD

Ақтөбе облысында анасы кәмелетке толмаған қызын шенеунікпен жыныстық байланыста болуға мәжбүрлеген

Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев шенеунік пен кәмелетке толмаған қыз арасындағы жақын қарым-қатынас туралы жаға ұстатарлық мәлімдеме жасады.

Ақтөбе облысында анасы кәмелетке толмаған қызын шенеунікпен жыныстық байланыста болуға мәжбүрлеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Өткен жылы Ақтөбе облысында 16 жасқа толмаған қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен шенеунік педофилия күдігімен ұсталған. Оның үстіне, жеке көзқарастары үшін анасының өзі қызын осындай әрекетке баруға мәжбүрлеген", – делінген министрдің ҚР Судьялар одағының "Заңгер" журналында жарияланған мақаласында.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда күдікті қамауға алынған. Қызын жезөкшелікке итермелегені үшін анасына да қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен бірге министр биылғы жылдың бес айында кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған мыңнан астам қылмыс тіркелгенін де айтып өтті. Олардың жартысына жуығы жыныстық қол сұғушылыққа қатысты.

Ол мұндай қылмыстар жасырын кейіпте болатынын, сондықтан оның алдын алу қиынға соғатынын атап өтті. Мұндай жайттардың әр екіншісі полицияға кіруге шектеулі үйлерде болады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың 70%-дан астамын балалар сенген немесе тәуелді болған жақын адамдар жасайды.

Бұл қатарға әкелері, анасымен бірге тұратын азаматтар, өгей әкелер, туыстары және көршілері кіреді.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы мінсіз ұйымдастырылды – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанда байланыс операторларына 300 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Айыппұл

Қазақта жүзге кірмейтін рулар көп – тарихшы

Қазақ рулары

Діни маркетинг: қасиетті құндылық пен коммерцияның арасы қайда?

Діни маркетинг