USD
USD
USD

Ақтөбе облысында 52 жолаушысы бар автобус аударылды

13 қазанда Самара – Шымкент тас жолында автобус аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы кезінде көлікте күзет агенттіктеріеің бірінің 52 қызметкері болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысында 52 жолаушысы бар автобус аударылды
Фото: NEGE.kz

Ақтөбе, NEGE. Облыстық полицияның мәліметінше, жол апаты Ақжар ауылының маңында болған.

«Автобуста 52 жолаушы болған, олардың барлығы күзет агенттіктерінің бірінің қызметкерлері, олар жұмысқа бара жатқан», - дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Полицейлердің айтуынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, автобус шұңқырға ұшып кеткен.

«Түрлі дене жарақаттарымен 9 жолаушы Хромтау орталық ауруханасына жеткізілді», деп хабарлады ведомство.

Дәл осы трассада13 қазан күні таңертең "Газель" мен Yutong жолаушылар автобусы соқтығысты. Оқиға салдарынан автобустың бір жолаушысы қаза тауып, бесеуі зардап шекті.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев