USD
USD
USD

Ақтөбе облысы Алға қаласында электр станциясы өртенді

2023 жылғы 8 ақпанда сағат 09: 39-да Алға ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің "101" пультіне Айымбетов көшесіндегі Алға электр станциясының ашық жалынмен жануы туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды ТЖМ.

Ақтөбе облысы Алға қаласында электр станциясы өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шақыру орнына 18 құтқарушы және 4 бірлік техника жіберілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына құтқарушылар келгеннен кейін ғимараттың кіреберіс қақпасының есігін бұзып ашу жүзеге асырылды. Өртті сөндіру барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, көбікпен жүзеге асырылды.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар өрттің көршілес қосалқы станция секцияларына таралу қаупі жойылды. Алды ала деректер бойынша өрт алаңы 50 шаршы метр.

Өрт 10 сағат 29 минутта оқшауланып, 10 сағат 40 минутта сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда. 

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті