USD
USD
USD

Ақтөбе қаласында Қарғалы өзенінің маңындағы адамдар эвакуацияланып жатыр

2023 жылғы 29 наурызда Ақтөбе қаласының Қарғалы бау-бақша ұжымын су басуына жол бермеу мақсатында Қарғалы өзені арнасының бойындағы 3 саяжай үйде құм толтырылған қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ТЖМ.

Ақтөбе қаласында Қарғалы өзенінің маңындағы адамдар эвакуацияланып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар мен ұлттық ұлан күштерінен 34 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Құтқарушылар алдын ала 13 адамды, оның ішінде 4 баланы Олимпиадалық резервті дайындау орталығына эвакуациялады.

Сол күні құтқарушылар «Солнышко» бау-бақша ұжымының №8 участкесіндегі тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Барлығы 2 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды.

30 наурызда Қарғалы өзені су деңгейінің жоғарылауына байланысты Қарғалы ауылының 10 саяжай учаскесі су астында қалды. Қазіргі уақытта құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде. Жұмылдырылған күштер мен құралдар құм салынған қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Жағдай тұрақты бақылауда.

Көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел шаралар қабылдау мақсатында өңірде су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді. «Жедел желі» телефоны жұмыс істейді, оған ақпараттық сипаттағы 183 қоңырау түсті.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе