USD
USD
USD

«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

  «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері, ресейлік маман Владимир Муханов қызметінен кетті.

«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Клубтың баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, «Таразбен» өткен матчтан кейін 68 жастағы В.Мухановпен келісімшартты тоқтату жөнінде шешім қабылданған. Ресейлік маман ақтөбеліктерді 2021 жылдың шілдесінен бері жаттықтырып келді. 

Таразда жергілікті командадан 0:3 есебімен ойсырай ұтылған «Ақтөбе» ел чемпионатында сегізінші орында тұр. Команданың бас бапкері міндетін уақытша Петр Бадло атқарады. Ақтөбеліктер тоғызыншы турда 2 мамыр күні өз алаңында «Ақжайықты» қабылдайды. Еске салайық, бұдан бұрын футболдан Қазақстан чемпионатында «Ақжайықтың» «Ақсудан» ұтылып қалғанын жазған болатынбыз. Бүгін Ақтауда Қарағандының «Шахтерін» 4:0 есебімен жеңген «Каспий» командасы 16 ұпай жинап, чемпионатта қайтадан көш бастады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City

«Балаңыз қатты дуаланған»: полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

алаяқтық

Қазақстан бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады

Халықаралық планетаны көгалдандыру күні

Porsche көлігімен сағатына 197 шақырым жылдамдықпен жүрген астаналық 10 тәулікке қамалды

жылдамдықты асыру