USD
USD
USD

Ақтөбе әуежайы он күнге жабылды

 Ақтөбе әуежайы 17-27 наурыз күндері аралығында қызмет көрсетуін тоқтатады.

Ақтөбе әуежайы он күнге жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлия Молдағұлова әуежайының әкімшілігі әлеуеттік желідегі парақшасы арқылы хабарландыру таратты. Онда әуежайдың 10 күн бойы жабық болатыны ескертілген. «Әуежайдың 17-27 наурыз күндері аралығында жөндеуге жабылатынын хабарлаймыз. Билеттерді қайтару немесе қайта брондау сұрақтары бойынша сатып алу орындарына жүгінуді сұраймыз. Қазіргі жағдай үшін кешірім сұраймыз», - деп жазылған парақшада.

Айта кетейік, Азаматтық авиация комитеті әуе айлағының 17 наурыздан бастап жабылатынын мәлімдеген еді. Облыс әкімдігі нысанда екі апта жөндеу жүргізілетінін айтты. Кейін күндіз жөндеу жүргізіліп, түнде ұшуға рұқсат берілетіні жарияланды. Ал 12 наурызда ұшып-қону жолағында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жалдап алынған арнайы техника істен шыққаны, сол себепті бірнеше рейстер кешіктірілгені мәлім етілді. Бүгінгі хабарламаға сәйкес, әуежай мүлдем жабылады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық