5 Мамыр 16:55
...

Ақтөбе жұрты «Жеңіс тарихы» атты патриоттық челленджді қолдады

Жеңіс күні
Фото: gov.kz

Бүгін Ақтөбе облысының тұрғындары Алматыда басталған «Жеңіс тарихы» патриоттық челленджін белсенді түрде қолдады.

Алматы, NEGE. Челлендж Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына арналған.

Онлайн акцияға мектеп оқушылары, жастар және облыс тұрғындары белсенді түрде қатысып жатыр. Олар соғысқа қатысқан туыстарының фотосуреттерін немесе соғыс жылдарындағы отбасылық мұрағат суреттерін әлеуметтік желілерде жариялап, астына шағын әңгімелер немесе естеліктер жазуда.

Еске салайық, Ақтөбе облысынан 122 мыңнан астам адам майданға шақырылған. 35 ақтөбелік Кеңес Одағының Батыры атағын алса, тоғызы Даңқ орденімен марапатталған, ал 36 мыңнан астамы майданнан оралмады.

Бүгінде Ақтөбе облысындағы 130-дан астам көше сол соғыс батырларының есімімен аталады, оның ішінде 35-ке жуық көше облыс орталығы – Ақтөбе қаласында орналасқан.