USD
USD
USD

«Ақтөбе» жанкүйерлерінің әрекеті дау тудырды: клуб алты қызға салынған айыппұлды толық төлеп бермек

«Ақтөбе» футбол клубы «Ордабасымен» болған матчтан кейін айыппұл арқалаған алты жанкүйер қыздың шығынын толықтай өтеп беретінін мәлімдеді.

«Ақтөбе» ФК
Фото: «Ақтөбе» ФК/instagram

Астана, NEGE. Екі клуб арасындағы матчтан кейін ақтөбелік жанкүйерлердің әрекеті қоғамда қызу талқыланды. Кездесу 1:3 есебімен аяқталған соң, жанкүйерлер судьяны балағаттап, шымкенттік командаға қарата «өзбектер» деп айқайласа, трибунада арандатушылық сипаттағы жазуы бар және Өзбекстанның туы бейнеленген плакат ұстап тұрған қыздар көпшіліктің наразалығын тудырды. 

Бұл жайтқа байланысты адвокат Аянхан Омаров Бас прокуратураға арыз түсіріп, жанкүйерлердің әрекетіне құқықтық баға беруді сұраған. Оның пікірінше, бұл әрекеттер Қылмыстық кодекстің 174-бабы, яғни әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру белгілері бойынша тексерілуі керек.

Ал Ақтөбе облысының полиция департаменті плакат ұстаған қыздар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне шақыртылғанын хабарлады. Жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ата-аналары бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған.

«Ақтөбе» футбол клубы да оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

«Біз – "Ақтөбе" футбол клубы қашан да футбол әлеміне үлкен құрметпен қарайтын, жанкүйерлері мен футболшылары әр ұлт пен нәсілге құрмет көрсете білетін, ауызбіршілігі мол ұжымбыз. Біздің команда – ұлтаралық достықтың айқын дәлелі. Жекелей алған жандардың өз көзқарасы – клубтың позициясы болып есептелмейді. Футбол – алауыздықтың емес, бірліктің алаңы», – делінген клубтың желідегі жазбасында.

Көп ұзамай клуб өкілдері желіде тағы бір жазба жариялап, алты жанкүйер қыздың айыппұлын толық өтеп беретінін мәлімдеді. Жазбада қыздар өз қателігін түсініп, алдағы уақытта ережелерді сақтауға уәде бергені айтылған.

Алайда ақтөбелік клубтың бұл шешімі әлеуметтік желі қолданушыларының пікірін екіге бөлді. Бірі клубтың жанкүйерлеріне қолдау білдіргенін құп көрсе, енді бірі айыппұлды клубтың өтеп беруі жасөспірімдердің жауапкершілігін сезінуіне кедергі келтірмей ме деген пікірде.

Қазір оқып жатыр

Астанада Tesla -мен соқтығысқан жүк көлігі көпірден ұшып кетті

Оқиға орны

Мұнайдың тағдырын кім шешеді? Экономист Үкіметтің болжамына баға берді

Сапарбай Жұбаев

Volkswagen ондаған мың жұмыс орнын қысқартып, 2030 жылға дейін жалақыны өсірмеуді жоспарлаған

 Volkswagen

Тоқаев әскери әзірлік сапасын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талап етті

Тоқаев, Омарбеков, Савельева