USD
USD
USD

Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығын қолдауға 15 млрд теңге бағытталды

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – Ақтөбе облысы экономикасының басым бағыттарының бірі. Бұл туралы өңір басшысы Асхат Шахаров Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөзконференциясында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын таныстыру барысында мәлімдеді.

Ақтөбе облысының әкімдігі
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Асхат Шахаровтың айтуынша, мемлекеттік қолдау шараларының арқасында салада оң динамика сақталып отыр. 10 айда шамамен 353 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. 

Бұл көлемнің 171,8 млрд теңгесі – мал шаруашылығына, 177,6 млрд теңгесі – өсімдік шаруашылығына тиесілі. Мал басы өткен жылмен салыстырғанда орташа есеппен 7%-ға артты.

Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесіне сүйене отырып, өңірде «АЙС» сүт-тауарлы фермасын 1600 басқа дейін кеңейту жобасы іске асырылуда. Бұл мақсатта жылдық 2,5% мөлшерлемемен 7,5 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді.

Жоба толық қуатына шыққан соң, сүт өндіру көлемі жылына 20 мың тоннаға ұлғаяды деп күтілуде. Бірінші кезең аясында 800 бас ірі қара мал әкелінді.

«Кең дала-2» бағдарламасы аясында көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге жылдық 5% мөлшерлемемен 5,9 млрд теңге жеңілдетілген несие бөлінді. Бұл 554 мың тонна өнім жинауға мүмкіндік берді, өткен жылға қарағанда 40 мың тоннаға артық (2024 жылы – 515 мың тонна).

Ауыл шаруашылығына инвестициялар да белсенді тартылуда. Биыл жалпы құны 11,5 млрд теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылды.

Сонымен қатар, «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 2883 жоба мақұлданып, 16,4 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несиелер берілді.

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы ауыл экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға айтарлықтай серпін береді», – деп атап өтті өңір басшысы.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

Нұрсұлтан Назарбаев

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

Баян Алагөзова