USD
USD
USD

Ақтөбе облысында жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ анықталды

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен жалған құжаттарды пайдалана отырып, жүк автокөліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Бас прокуратура
Фото: Бас прокуратура

Алматы, NEGE. Ұйымдасқан топтың қатысушылары жалған сатып алу-сату шарттарын, көлік құралдарын тексеру туралы жалған актілерді қолданып, «Автоіздеу» ақпараттық жүйесіне шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізу арқылы 77 жүк көлігін бастапқы тіркеуден өткізген.

Аталған заңсыз әрекет Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында салық заңнамасында белгіленген рәсімдерді әдейі айналып өту үшін жүргізілген.

Бастапқы тіркеу алымдарын төлемеу салдарынан мемлекетке келген жалпы залал 740 миллион теңгеден асты.

Сот шешімімен ұйымдастырушылар қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы