Ақтөбе облысында жол қызметкері жаралы аққуды құтқарып қалды
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының жол маманы Ақтөбе – Мақат тас жолы бойында, Қандыағашқа жақын маңда жаралы аққуды байқап, арнайы тоқтаған.
Астана, NEGE. Жол қызметкері құсты айналдыра қарап шыққанда, оның қанаты жараланғанын аңғарған.
«Жолдағы қауіпсіздік – адам өмірін қорғаумен ғана шектелмейді. Табиғатқа жанашырлық танытып, әрбір тіршілік иесіне қамқор болу да – азаматтық жауапкершіліктің белгісі», – дейді «ҚазАвтоЖол» өкілдері.
Компания өкілдері алдағы уақытта аққуға қажетті ем-дом жасалып, күтім көрсетілуі үшін тиісті мекемелерге табысталатынын хабарлады.