USD
USD
USD

Ақтөбе облысында үш ауылдан 876 адам эвакуацияланды

Ақтөбе облысында үш ауылдан 876 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Ырғыз ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері су ортасында қалған елді мекендерде тәулік бойы жұмыс жасап жатыр. Ырғыз, Торғай өзендерінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты 8 сәуірде Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.

Осыған байланысты Нұра, Мамыр және Белшер ауылдарының тұрғындары дер кезінде қауіпсіз жерге көшіріліп, үш ауылдан 876 адам эвакуацияланды. Бүгінде арнасынан асып тасыған өзендердің қорғаныс бөгеттерді бұзып өтуі салдарынан Нұра, Мамыр ауылдарын су басты. Қауіп басталғаннан бері Ырғыз ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылып, қорғаныс бөгеттерін салу, ауыл тұрғындарын және олардың мал-мүлкін эвакуациялау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына күндіз-түні қатысып жатыр.

Полицейлер, төтенше жағдайлар қызметкерлері, әскери қызметшілермен және жергілікті атқарушы органдармен бірге Құйлыс, Жайсаңбай және Белшер ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Су кірген Нұра, Мамыр ауылдарында қалып, тұрғындар мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүргізуде және бүгін Құйлыс пен Жайсаңбай ауылдарын тұрғындарын эвакуациялауға әзірленуде. Аймақты су басуына байланысты бүгінгі күні бұл ауылдармен қатынас тек тікұшақ арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы