USD
USD
USD

Ақтөбе облысында полицейлер мал ұрлығына күдіктілерді қылмыс үстінде ұстады

Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы (ҰҚҚКБ) қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мал ұрлады деген күдікпен екі азамат ұсталды.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Заттай дәлелдермен ұстау Мартөк ауданы аумағындағы орман алқабында жүзеге асырылды. Күдіктілердің бірі ұрланған жылқының етін сол жерде бөліп жатқан сәтінде қолға түсті.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде анықталғандай, күдіктілердің бірі жайылымда жүрген жылқыны орман алқабына қарай айдап апарып, сол жерде сойған. Ал екінші күдікті делдал рөлін атқарып, етті алып кетіп, қала базарларының бірінде сатуды жоспарлаған.

Оқиға орнынан полиция қызметкерлері жылқының сойылған еті мен күдіктілер пайдаланған көлік құралдарын — мотоцикл мен жол талғамайтын автокөлікті тәркіледі.

Аталған факті бойынша қазіргі уақытта мал ұрлығы бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында күдіктілердің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы